2 күн бұрын кеткен. Түркістан облысында жоғалған қыз табылды

2102
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысының полицейлері екі күн бұрын жоғалған қызды тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 11 тамыз күні Түркістан облысы Мақтарал ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, 9 тамыз күні автобекетте тұрмын деп хабарласқан 19 жастағы қызы үйіне қайта оралмаған.

Тәртіп сақшылары хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жас қызды табу мақсатында қажетті барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жас қыз бір тәулікке жетпей Шымкент қаласынан табылды. Ол ата-анасына тапсырылды, - деп жазылған хабарламада.

Хабарлағандай, қыз қыдыру үшін ешкімге айтпастан мегаполиске жол тартқан. Ұялы телефоны бұзылып қалғандықтан, отбасымен хабарласа алмаған.

Пікірлер