Жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты

6383
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна”.

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні болған. Көкшетау-Рузаевка тас жолында келе жатқан Lexus LS 430 көлігі мен DAF жанармай автоцистернасы бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан көлік отқа оранды.

Қатты соққыдан Лексус автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі, оның әйелі мен баласы оқиға орнында көз жұмды. Жүк көлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Пікірлер