Ауыл тұрғындары 13 күн бойы жарық пен сусыз отырғанын айтып, дабыл қақты

809
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында су басқан ауылдар жарық пен сусыз қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазТаг-қа сілтеп.

Үшқарасу ауылының тұрғындары екі аптаға жуық уақыт бойы жарық пен сусыз отырғанын айтты.

«Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Үшқарасу ауылы. Біз қазірдің өзінде көмек сұрап жатырмыз. 13-ші күн жарықсыз, сусыз, зейнетақысыз отырамыз. Бізге ешкім ештеңе жібермейді, тіпті бізді ешкім естімейді!» – деді ауыл тұрғындары бейнеүндеуінде.

Тұрғындар қазірдің өзінде азық-түлік таусылғанын айтады.

Жергілікті атқарушы органдар Үшқарасу тұрғындары бірінші кезектегі қажетті заттармен және өнімдермен қамтамасыз етілген деп сендіреді.

«Есіл өзені су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты, сондай-ақ еріген судың әсерінен мұздар электр тіректерін ұшырып әкетті, сондықтан 3 сәуірден бері электр қуаты жоқ. Елді мекеннің географиялық орналасуына байланысты барлық кіреберістерді су басып, техника мен көліктердің өтуіне кедергі келтіуде», - дейді шенеуніктер.

Сол себепті энергетиктер тіректерге жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайды, дегенмен шенеуніктер ауылға апаратын жол ашылып, аймақтардағы су деңгейі төмендей салысымен бригадалар электр қуатын қалпына келтіруге кірісетінін айтады.

Пікірлер