Анафилактикалық шок. Ақмола облысында сүндетке отырғызылған бала қайтыс болды

1166
Adyrna.kz Telegram
Фото: mag.103.kz
Фото: mag.103.kz
Ақмола облысында сүндетке отырғызылған бала қайтыс болды.  Дәрігерлер өлімнің анафилактикалық шоктың салдарынан болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бала Солтүстік Қазақстан облысы, Аққұдық ауылының тұрғыны. Оны 28 қаңтар күні сүндеттеген.
“31 қаңтарда сағат 17:00 шамасында хирургқа қаралу үшін өз бетінше жүгінген. Науқас ішінің төмен жағы ауыратынына шағымданған. Баланың жағдайы ауыр болды, медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды”, - дейді ведомство.
Алайда бала сол күні бір жарым сағаттан соң қайтыс болған.
“Бала 28 қаңтарда сүндеттелген. Алдын ала болжам бойынша бала анафилактикалық шок алуы мүмкін. Мәйіт сот медициналық сараптамасына жіберілді, полиция тергеуді бастады”, - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Пікірлер