Шығыс Қазақстанда алғашқы қар жауды

1323
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды “Адырна”.

Биыл алғашқы қар Шығыс Қазақстан облысында жауды. 14 тамыз күні таңертең Белуха тауының айналасын аппақ қар басып қалды. Бұл туралы Altay-pro лагері Instagram парақшасында бөлісті.

"Соңғы 10 жылда қар жауғаны есімізде жоқ. Алғашқы қарды Белуха түбінде кездестіреміз", - деп жазған.

15 тамызда синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялаған. Түнде облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, жаңбыр, бұрқасын да күтіледі.
Еліміздің өзге өңірлерінде қар мен аяз ұшқыны байқалмайды.

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар Риддер ауданында 18 тамыз күні жауған болатын.

Пікірлер