Анасы емес, туысы болып шыққан. Астанада 5 жасар қызды ұрған бойжеткенге әкімшілік іс қозғалды

3195
Adyrna.kz Telegram

Бас қалада кішкентай қызға қол көтерген туысына әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында белгісіз бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызды ұрып жатқан бейнежазбасы желдей есті. Ересек адам кішкентай қызға айқайлап, ұрып, тіпті соңында тепкен.

Белгілі болғанындай, 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз бала балабақшаға барғысы келмегендіктен 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдірген.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада көп оқырман қызға қол көтерген оның анасы деп ойлады. Алайда кейіннен белгілі болғандай олар туыс болып шыққан.

Қазір бойжеткенге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі «Ұрып-соғу» бойынша әкімшілік іс қозғалған.

«Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды»,-делінген хабарламада.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға елордадағы «Фламинго» тұрғын үй кешенінің жанында болағанын жазған.

Пікірлер