Есімов тұсындағы 7 миллиард теңгеге заңсыз берілген Алматыдағы жер телімдері мемлекетке қайтарылды

2702
Adyrna.kz Telegram

Ахметжан Есімов Алматы әкімі болған кезеңде 7 млрд теңгеге заңсыз берілген  жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

«Құны 7 млрд теңгені құрайтын жер телімдері мемлекетке қайтарылды», - деп хабарлады сәрсенбі күні қалалық прокуратурада.

Заңсыз берілген жер учаскесін Алматы қаласының қадағалау органы талдау барысында анықтады.

«2014 жылы Алматы қаласының шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер телімдерінің бір бөлігі қаланың құрамына кірді. Осылайша, «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС-не қосалқы шаруашылық жүргізу үшін Алматы облысы Қарасай ауданынан 30,9 гектар жер телімі алынды. Алайда, ЖШС жер телімінің кадастрлық құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған. Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен учаске мемлекет меншігіне қайтарылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - деп нақтылады прокуратура.

Айта кетейік, бұл кезеңде Алматы әкімі қызметін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Ахметжан Есімов атқарған болатын.

Пікірлер