Атыраудағы мешітте жаппай төбелес орын алды (ВИДЕО)

1901
Adyrna.kz Telegram

Атырау қаласында Сұлтан Бейбарыс мешітінде келушілердің бірі дөрекілік танытқан, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Бейнежазбадан жас жігіттің діни қызметкерлердің сөзіне құлақ аспай, дауласып жатқанын байқауға болады. Кейін оған таныстары да қосыла кеткен.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, болған жайтқа қатысты полиция басқармасына қоңырау түскен. Онда белгісіз адамдар қалалық Сұлтан Бейбарыс мешітінде діни бірлестік өкілдерімен айқайласа бастағаны жөнінде айтылған. Бұл өз кезегінде мешітке келушілердің арасында алуан пікірдің туындауына әкеліп соққан. Арты дау-дамайға ұласқан.

Полиция қызметкерлері бұл іске қатысты қажетті құжаттарды жинақтап, діни басқармаға жолдаған. Одан әрі аталған мәселе әкімшілік сотта қаралатын болады.

Пікірлер