Алматы облысында су арнасынан ер адамның денесі табылды

1627
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысындағы су арнасынан Өзбекстан азаматының денесі табылды. Бұл туралы Polisia.kz. мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полиция мәліметінше, 14 тамызда Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына Қайназар ауылдық округінің аумағындағы ҮАК су арнасынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу іс-шарасы кезінде қаза тапқан адамның жеке басы анықталды, ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы тумасы болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1984 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады, – дейді

Айта кетейік, Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынған.

Пікірлер