680 миллион жымқырды. Алматы облысындағы білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

1434
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

«Күдікті Іле ауданындағы жалпы білім беретін мектептерде іс жүзінде жұмыс істемейтін тұлғалардың жалақысын өндіріп алу мақсатында, бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 680 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды, сонымен қатар өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Жүргізушісін жалған түрде мектеп-гимназиясына кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесші қызметіне орналастырған, оған жалпы сомасы 4,9 млн теңге заңсыз жалақы төленген», - деп хабарлады Антикор.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтерді таратуға болмайды.

Пікірлер