"Мен істің адамымын". Кәсіпкер Аманжол Рысмендиев бизнес курсын алмақ болған азаматты алдап кеткен (ВИДЕО)

1978
Adyrna.kz Telegram

Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиев авторлық курсын сатып алып, кейіннен ақшасын қайтаруды өтінген азаматты алдап кеткен, деп жазады "Адырна". Видео әлеуметтік желіде тарады. 

Видеода Аманжол Рысмендиевтің қолын алып, курсы үшін төлеген 8 миллион қаражатын белгілі бір уақытта қайтарып беретіні туралы сөз алып жатқаны байқалады. Алайда, берілген уәде орындалмай, видео авторы Рысмендиевпен телефон арқылы байланысады.

Ақшаны қайтарып беруді сұрағанда, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кеңесшісі екенін, ұлттық қауіпсіздік органдарында басшының туысы барын айтады. Жолығуға барған жәбірленушімен кездеспей оны балағаттап, киліккенін байқауға болады.

"Менің ағам сендердің облыстарыңның тендерінің бастығы. Жазып ал. Менімен кездеспей жатып менің іс-шарамды құртатын сенің басың екеу ме?" дейді ол телефонмен сөйлесуінде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер