"МАЭК" ЖШС ЖЭС №3 энергоблокта жөндеу жұмыстары аяқталды

1391
Adyrna.kz Telegram

"МАЭК" ЖШС ЖЭС №3 энергоблокта  жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы..

Жұмыс барысында генератор роторының байланыс сақиналары мен   оқшаулағыш жеңі жөнделді.  Оқшаулау  өлшемі оң  нәтиже көрсеткен соң щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Одан соң энергоблокты іске қосуға дайындық жұмыстары жасалды. Жөндеу жұмыстары үзіліссіз тәулік бойы жүргізілді, делінген хабарламада.

Айта кетейік, энергоблок 19 тамызда іске қосылды. МАЭК қызметкерлері орын алған төтенше жағдайды тезірек жою үшін жұмыла еңбек етті.

Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша электр энергиясын берудегі барлық шектеулер алынып тасталды.

Пікірлер