9 адам қаза тапты. Балқашта жантүршігерлік жол апаты болды

1337
Adyrna.kz Telegram

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты.  Бұл туралы polisia.kz мәлімдейді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш – Приозерск тас жолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Пікірлер