Ресейде ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі жарияланды

1406
Adyrna.kz Telegram
Фото: Другая Тверь Телеграм арнасы
Фото: Другая Тверь Телеграм арнасы

Росавиация Тверь облысының маңында құлаған Embraer ұшағының бортында Евгений Пригожиннің бары расталды және ұшақта қаза тапқандар тізімін жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

23 тамыз күні кешкісін Ресейдің Тверь облысы маңында жеке меншік Embraer ұшағы апатқа ұшырап, он адам қаза тапты. Оның ішінде «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушысы әрі көшбасшысы Евгений Пригожин де бар.

Ұшақ Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған. Росавиация ұшақта қаза тапқандар тізімін жариялады.

Олар:

Евгений Пригожин

Дмитрий Уткин

Сергей Пропустин

Евгений Макарян

Александр Тотмин

Валерий Чекалов

Николай Матюсеев

Үш экипаж мүшесі: Алексей Левшин

Рустам Каримов

Кристина Распопова

Ресей федерациясы Қылмыстық кодексінің 263-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер