Ресейдің Қазақстандағы бас консулы орыс сыныптарының азайып жатқанына министрлікті кінәлайды

2039
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров Қазақстанда орыс сыныптары азайып жатқанына министрлікті кінәлады. Бұл туралы ол  ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Консулдың айтуынша, соңғы жылдары орыстілді мектептер мен сыныптар қысқарған. Оған себеп, қазақ тілінде оқытатын бірінші сынып оқушыларына арналған бағдарламадан «орыс тілі» пәнінің алынып тасталуы қоғамда біраз алаңдаушылық тудырды дейді.

Сондай-ақ, ол бұған Қазақстандағы орыс ұлтының елдегі үлес салмағы 15,2%-ға дейін азаюуы ғана емес, сонымен қатар «Оқу-ағарту министрлігінің қазақ тіліне негізделген мемлекеттік оқу бағдарламасын өзгертуге ерекше назар аударуы» ықпал етіп отырғанын айтқан.

«Тіл саясаты, Ресей мен Қазақстанның білім беру және мәдени бастамаларды қолдау саласындағы ынтымақтастығы Қазақстандағы орыстілді мәдениеттің байлығын сақтауға және ұлт бірлігін нығайтуға көмектеседі», – деді Бобров.

Дегенмен, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылды ТМД елдерінде орыс тілі жылы деп жариялау туралы бастамасы бар. Тіпті, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстан орыс мектептерінің саны бойынша (тіпті аралас мектептерді есептемегенде) Орталық Азияда көшбасшы болып отыр. Ал Ресейде бірде-бір қазақ мектебі жоқ.

Пікірлер