Су тапшылығын қалай шешеміз? Министр жауап берді

1224
Adyrna.kz Telegram

Су тапшылығын шешу мәселесі туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтып берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бүгінде біз 25 текше шақырым суды пайдаланып жүрміз. Оның 65 пайызы ауыл шаруашылығына, 25 пайызы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмсалады, ал 5 пайыздан астамы тұрмыстық қажеттіліктерге кетеді. Қазір ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін технологиялардың түрлері қарастырылып жатыр. Бұл 2030 жылға қарай 10 мың текше шақырымға дейін суды жинақтап, үнемдеуге мүмкіндік береді»,- деді министр.

Министрдің дерегінше, Қазақстанда жыл сайын 100 текше шақырымнан астам су өндіріледі. Оның 54 пайызы ел аумағында болса, 46 пайызы трансшекаралық өзендерден келеді.

Пікірлер