Меккеде дауыл тұрып, нөсер құйды

2584
Adyrna.kz Telegram

Сауд Арабиясында дүлей дауыл тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Табиғи апат қасиетті қала Меккеде қажылықта жүргендерді қатты әуреге салды. Желдің күшті болғандығы сонша, адамдарды құлатып, сүйрей жөнелген. Жауын соңы тасқынға ұласып, су көліктерді шайып әкетті.

Бұдан басқа қолайсыз ауа райы Джидда және басқа аймақ тұрғындарын да әлекке салды. Күшті жел электр желілерін үзіп, үлкен билбордтарды құлатқан.

Пікірлер