Үндістан ай бетіне зерттеу құрылғысын қондырған әлемдегі төртінші ел атанды

1811
Adyrna.kz Telegram

Үндістан ұшырған "Чандраян-3" қондырғысы ай бетіне қонғаннан кейін айдың Оңтүстік полюсін сәтті зерттеді. Бұл ғарышты барлау бағытында аса маңызды ғылыми жетістік саналады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жетістікке Үндістан алғаш болып қол жеткізді. Оның алдында ресейлік қондырғы ай бетіне қонбақ болғанда  сәтсіздікке ұшырағанын хабарлаған едік.

Зерттеу жүргізу құралдарына бай "Прагян" деп аталатын ай-құрылғысының қазіргі уақытта бағыттары айқындалып, алдағы ізденіс жүргізу жұмыстарына сайланып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер