Санжар Тәшкенбай халықаралық турнирде күмісті еншіледі

1579
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы Болгарияда өтіп жатқан халықаралық "Странджа" турнирінде күміс медаль алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Боксшы Санжар Тәшкенбай Болгариядағы турнирде күмісті қанжығалады. 51 келі салмақта сынға түскен спортшы финалда Үндістан өкілі Амит Пангалмен жұдырықтасып, есе жіберіп алды. Жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, "Кіші әлем чемпионаты" аталатын "Странджа" кубогына елімізден 10 боксшы барды.

Пікірлер