“Сынайды”. Боксшы Данияр Елеусінов Париж олимпиадасына баруға ниетті екенін айтты

2060
Adyrna.kz Telegram

Данияр Елеусінов Париж олимпиадасына қатысатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов спортқа қайта келгенін айтты. Былғары қолғап шебері үзілістен кейін шаршы алаңған қайта оралғанын айтып, алдағы Париж олимпиадасына қатысуға ниетті екенін жеткізді.

“Менің дайын өнім екенімді барлықтарыңыз білесіздер. Дұрыс промоушенмен қасымда дұрыс команда болатын болса талай асуларды алуға болады… Бокстан қазақтың әзірге соңғы Олимпиада чемпионы бола тұра. Сынайды… Мүмкін өзімнен де бар шығар… Бірақ қателіксіз тұяқ жоқ… Менің проблемамды Ресейдің адамдары жауып тастауға дайын болған. Белгілі бір мөлшерде. Менің бұрыңғы командамның сұранысы одан жоғарырақ болды… Енді оған қарамай рингке оралудың амалын іздеп, барлық жағын қарастырып рингке оралдым”, - деп жазды боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікірлер