Қостанай орманында қыз баланың денесі табылды

1767
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысындағы орманда қыз баланың денесі табылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі alau.kz-ке сілтеп.

27 тамыз күні сағат 17.00-де Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде саңырауқұлақ терушілер алдын ала болжам бойынша өз-өзіне қол жұмсаған қызды тапқан.

«Біз мұны кездейсоқ көрдік. Міне оның көлігі. Алдыңғы орындықта балалар орындығы бар», - дейді.

Қазір полицейлер аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.

Пікірлер