Еліміздің бас қалаларында діни заттар тәркіленді

4641
Adyrna.kz Telegram

Астанада ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітапты тәркіленген, деп хабарлайды “Адырна”.

Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында араздық тудырды деген күдікпен пансионат қызметкерін әшкерелеген. Аталған пансионатпен тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту нәтижесінде 31 жастағы азаматтан 400-ден астам діни мазмұндағы әдебиет табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Сот шешіміне сәйкес ұсталған ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, Алматыда да қылмыстық іс тергелуде. Алматы қалалық полиция департаменті балалар пансионатының атын жамылып жұмыс істейтін қайырымдылық мекемелерін кәмелетке толмағанды ​​өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі және басқа да қылмыстарды жасады деген күдікке ілінген. Бұл туралы:

- Бұл пансионаттарда тұратын кәмелетке толмағандар жүйелі түрде діни жоралғылар мен ұжымдық дұғаларға тартылған. Бұған көнбеген балаларды тамақ, су бермей жазалаған, кей жағдайда физикалық күш қолданылған.
Пансионаттарда жүргізілген тінтулер шетелдік діни әдебиеттер мен оқу материалдарының, оның ішінде Қазақстанда экстремистік деп танылған және таратуға тыйым салынған материалдардың бар екенін растады, - деп хабарлайды полиция.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді.

Пікірлер