"Қырғызстан Ресейге жақтасуы керек". Елдің бұрынғы басшысы жұртты дүрліктірген сөз айтты

1825
Adyrna.kz Telegram

Елдің бұрынғы президенті Асқар Ақаев Қырғызстанның Украина-Ресей соғысында Ресейге жақтасуы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ресейлік RT-ге сілтеме жасай отырып.

"Қырғызстан - Ресейдің одақтасы. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі ретінде, ҰҚШҰ мүшесі ретінде, әрине, Ресейді қолдауы керек деп айтқым келеді. Ресей бүгінде қолдауға мұқтаж. Одақтас осындай қиын күндерде сыналады", - деді бұрынғы басшы.

Сонымен қатар заманында тақтан тайған Қырғызстан презиеденті:

- Мен Батыстың екі ортаға килігіп, Украинаны Ресейден және ТМД – дан қалай ажырата бастағанын жақсы білемін", - деп мәлімдеді.

Орайы келгенде айта кетейік,  Қырғызстан билігі Ресейдің Украинаға қарсы ашқан соғысына келгенде  бейтараптықты ұстанады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер