Желіде Назарбаев түзету енгізген Конституцияның суреттері жарияланды

1870
Adyrna.kz Telegram

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі 1995 жылы Нұрсұлтан Назарбаев түзетулер енгізген конституцияның суреттерін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Осы атаулы күнде 1995 жылдың сәуірінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қарауына ұсынылған тарихи құжат – Конституция жобасының көшірмелерімен бөлісіп отырмыз. Бұл бірегей құжаттардан Нұрсұлтан Назарбаевтың жас және тәуелсіз мемлекеттің болашақ Конституциясының мәтініне бірқатар түзетулер мен ескертулер енгізгенін көруге болады»,— делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл Ата заңның қабылданғанына 28 жыл толып отыр.

Пікірлер