Қостанайда сібір жарасын жұқтырғандардың жан түршігерлік кадрлары тарады

2329
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысының тұрғындары сібір жарасын жұқтырған адамдардың жан түршігерлік кадрларын таратып жатыр, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Алау сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Қарасу ауданында сібір жарасын жұқтырғандар туралы видео тарап жатқаны хабарланды. Айтуларынша, аймақта жолға бөгет қойылып, мал өртеніп жатыр.

Қарасу ауданы әкімдігінде, сондай-ақ облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының «Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы» КММ-да бұл дерек расталмаған. «Таратылған ақпарат Қарасу ауданы аумағында шындыққа сәйкес келмейді», - делінген хабарламада.

Бұл ретте төтенше жағдайлар қызметі бұл факті Ақмола облысында тіркелгенін атап өтеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің 29 тамыздағы хабарламасына сәйкес, Жарқайың ауданында Үшқарасу ауылынан сібір жарасына күдікпен 10 адам Есіл аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Диагноз жеті адамда расталды (орташа ауырлық дәрежесі). Эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер