Қостанайда қонақүй өртеніп, салдарынан бір әйел қайтыс болды

1094
Adyrna.kz Telegram
Kstnews.kz
Kstnews.kz

Қостанайда қонақүй өртеніп, салдарынан бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Қостанай жаңалықтары» басылымына сілтеме жасап.

30 желтоқсанда Дружба ауылында екіқабатты «Жібек жолы» қонақүйінің ғимаратында өрт шықты. Өрт туралы хабар құтқару қызметіне сағат 11:00-де түскен.

«Өрт ғимараттың шатырын, екінші қабатын және ішінара бірінші қабатын шарпыды, алдын ала өрт 900 шаршы метр аумақтың 450 шаршы метрін құрады. Айта кетейік, өрт кезінде ғимарат пайдаланылмаған», - деп хабарлайды басылым.

Өрт сөндірілді. Оқиға орнына құтқару қызметтері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен 13 бірлік техника, Полиция департаментінің қызметкерлері мен 4 техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен техника бірлігі шықты.

«Өкінішке қарай, өртті сөндіру кезінде әйелдің мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, өрттің шығу себептері жан-жақты тексерілетін болады», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Өрт ошағынан ең жақын елді мекенге дейінгі қашықтық 11 шақырымды құрайды. Оқиға фактісі бойынша тергеу тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер