Тоқаев: Стратегиялық басты міндет – Қазақстанды IT-елге айналдыру

1650
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев IT қызметтерінің көлемін арттыруды тапсырды. Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы жолдауында айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Президент цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелеріне көңіл бөлуге шақырды.

Стратегиялық басты міндет – Қазақстанды IT-елге айналдыру. Бізде цифрландыру саласындағы жетістіктері бар, электрондық үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарындамыз, – деді Тоқаев.

Айтуынша, Отандық IT-саланың экспорт көлемі өткен жылы ғана бес есеге өсті. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін.

Сондай-ақ, ол Үкіметке 2026 жылға қарай IT қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізуді талап етті. Бұған ірі шетелдік IT-компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашу жәрдемдеседі. 

Пікірлер