Мемлекет басшысы Қатарға жұмыс сапарымен барды

870
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қатарға іс-сапармен аттанды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.

Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты арнайы қарсы алды.

Мемлекет басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.

Бүгін, 14 ақпан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен арнайы келіссөздер жүргізіп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Пікірлер