Нобель қоры Ресей, Беларусь және Иран елшілерін марапаттау рәсіміне шақырмайтын болды

1905
Adyrna.kz Telegram
Singapore - November 14, 2015:  A golden image of the Nobel Prize decorates the front of the Science Museum in Singapore, 14 Nov 2015
Singapore - November 14, 2015: A golden image of the Nobel Prize decorates the front of the Science Museum in Singapore, 14 Nov 2015

Нобель қоры Ресей, Беларусь және Иран елшілерін марапаттау рәсіміне шақырмайтын болды. Мұндай шешімді қор өкілдері әлгінде ғана хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Нобель қоры Ресей, Беларусь және Иран елшілерін Стокгольмдегі марапаттау рәсіміне шақырмайтынын айтты (өткен жылдағыдай).

Нобель қоры өкілдері бұрын жарияланған тізімнің (олар барлық елшілерді шақырамыз деп шешкен)  қоғамда "қатты дүрбелең, қарсылық" тудырғанын жазды.

Қордың алғашқы шешімін Украина СІМ қатты сынға алды.

Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыз күні Нобель қоры өз іс-шараларын, ресми марапаттау рәсіміне қатысты ережелерді өзгерткенін хабарлады. Өзгеріс бойынша о баста биыл, 10 желтоқсанда, өтетін сыйлықты табыстау рәсіміне Ресей мен Беларусь өкілдері шақырылатын болған. Дегенмен, кейін талап өзгерді.  Бұл мемлекеттердің елшілері өткен жылы да марапаттау рәсіміне қатысудан бас тартқан еді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер