Алматыда екі қабатты монша өртенді

1691
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Алматыда Бостандық ауданы Нұрлы шағын ауданындағы жұмыс істемейтін монша кешені  өртенді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жариялады, дем хабарлайды “Адырна”.

Жедел штаб ашылып, өртті сөндірудің екі учаскесі құрылды. 66 адам, 22 бірлік техника жұмылдырылған. 

Жалын 2 қыркүйек 23:00 шамасында басталып, 3 қыркүйек 00:27-де оқшауланды, сағат 01:20-да жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, жақын маңдағы үйлерге таралмады.

Екі қабатты ағаш ғимараты өртенді. Алау – 600 шаршы метр. Ғимарат бұзылып, құлай бастады. Өрттің екі тұрғын үйге ауысу қаупі туындады. Жоғары температурадан көп пәтерлі үйдің екінші және үшінші қабаттарының балкондары ери бастады, – деп хабарлады Алматы ТЖД.

Пікірлер