Жібек Құламбаева теннистен Прагада өткен турнирдің жеңімпазы атанды

4882
Adyrna.kz Telegram

Теннистен қазақстандық спортшы Жібек Құламбаева Польша спортшысы Мартина Кубокамен бірге Чехия астанасында өткен ITF турнирінде жұптық сайыста жеңіске жетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Финалда олар Анжелика Морателли мен Камилла Росателло бар итальяндық дуэттен басым түсіп, екі сетте де 7:6, 6:4 есебімен Қазақстан-Польша құрамасының пайдасына жеңіске жетті.

Еске салайық, Жібек Құламбаева бұған дейін Римде өткен ITF турнирінде беларусь серіктесі Юлия Готовкомен күш сынасқан жұптық сайыста бірінші орынды жеңіп алған еді.

Пікірлер