Лагерь жыры. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың жолдаған сауалына Үкімет оң жауап берді

1432
Adyrna.kz Telegram

Енді "лагерь" атауы "сауықтыру орталықтары" атауымен ауыстырылатын болады. Одан бөлек балалардың сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бірыңғай талаптар мен ережелер бекітілмек, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Әр жаз сайын жазғы сауықтыру лагеріне аттанатын балалар көп. Алайда  кейбір лагерьлердің келбеті жаға ұстатарлық жағдайда болғанын әлеуметтік желіде желдей ескен бірнеше бейнежазбадан аңғаруға болады. Балалардың демалуына арналған лагерьлер көпшіліктің назарынан тыс қалғаны жасырын емес.

Биыл республика көлемінде қала сыртында 218 және мектеп жанында 10.000-нан аса лагерь өз жұмысын бастады деп хабарланған еді. Алайда нақты бақылау болмағандықтан бұл тек қағаз бетіне енгені болып шықты.

Осы тұста депутат Дәулет Мұқаев балалар лагері тек пайда табудың көзіне айналғанын атап өткен еді. Мәжіліс депутаты балалардың жазғы бос уақытын ұйымдастырудың бірыңғай қағидаларын енгізіп, бекіту туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа бірнеше ай бұрын депутаттық сауал жолдаған болатын:

"Біріншіден, жазғы уақыттарда балалардың сауықтару жұмысытарын ұйымдастыру бойынша бірыңғай талаптар мен ережелерді бекіту керек. Лагерь ұйымдастырушылар міндетті түрде мемлекеттік мекеме тарапынан лагерь мазмұны мен материалдық-техникалық базаларына сәйкес тексеруден өтіп, лицензиялануы керек. Мүмкіндк болса барлық лагерьлер орталықтандырылған бірыңғай сайтта болғаны абзал".

Бүгінде лагерь жырын қозғаған Дәулет Мұқаевтың депутаттық сауалына Премьер-министр оң жауап берді. Депутаттарға жолданған жауап хатта балалардың сауықтыру орталықтары қызметін лицензиялау, демалыс орындарынлағы оқыту курстарын ұйымдастыру жұмыстары және лагерь атын алмастыру мәселесіне қатысты бірқатар өзгерістерді енгізу туралы шешім қабылданғаны көрсетілген.

"Жалпы, жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері Премьер-Министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б. Дүйсенованың 2023 жылғы 28 шілдедегі отырысында қаралды. Мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Жазғы уақытта балаларды сапалы әрі мазмұнды демалыспен, сауықтырумен қамту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Үкіметтің ерекше бақылауында.", - деп көрсетілген Үкімет басшысының атынан жолданған ресми хатта.

Хат

Пікірлер