Суық хабар. Белгілі журналист Арайлым Бағытжан мен сәбиі жол апатынан көз жұмды

17650
Adyrna.kz Telegram

Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті, деп хабарлайды “Адырна”. 

Арайлым Бағытжан Түркияда жол апатынан қайтыс болды. Ол отбасымен бірге 3 күн бұрын Түркияның Анталья қаласына демалысқа барған. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында бөліскен.

“3 ай жазда тоқтаусыз жұмыс жасап, демалатын уақыт болмай, кеше ғана отбасымызбен Түркияға демалысқа келдік. Сервис мықты. Теңіз жағасы. Сөз жоқ. Ұнап жатыр”,-деп жазба қалдырған.

Ал Арайлым Бағытжанның қайтыс болғаны туралы суық хабарды әріптесі Жасұлан Бисембиев хабарлады.

“Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда. Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде”,- деп марқұмның отбасына көңіл айтты.

Пікірлер