Бұған дейін Қазақстанда бұғатталған АҚШ үкіметінің сайты қайта ашылды

1426
Adyrna.kz Telegram

Бұған дейін Қазақстан аумағында бұғатталған АҚШ сауда министрлігі, Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының сайты қайта бұғаттан шығарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Естеріңізге сала кетейік, 3 қыркүйекте АҚШ сауда министрлігі, Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының сайты Қазақстанда бұғатталғанын хабарлаған едік. 

Cайттың бұғатталуына басты себеп - жалған ақпараттың таралуы. Кейбір ақпарат көздері бұрынғы АҚШ сайтында Ресейге қарсы санкцияларды бұзғанына байланысты Қазақстаннан және бірқатар басқа елдерден келген компанияларға шектеулер енгізу туралы ақпарат жарияланғаны айтады.

Қазақстанда АҚШ сауда министрлігінің өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының сайты бұғатталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, фишингпен күрес аясында бұғатталған деп түсіндірді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер