Назарбаевтың әпкесі иелік ететін колледж мемлекетке қайтарылды

1775
Adyrna.kz Telegram

Биыл мамыр айының соңында «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын мемлекет меншігіне қайтару туралы сот отырысы өтті, деп жазады "Адырна" порталы. 

Бибігүл Ұзақова басқаратын Алматы облысының қаржы басқармасы 2022 жылдың қыркүйегінен бастап экс-президенттің әпкесі Әнипа Әбішқызы Назарбаеваның иелегіндегі жеке кәсіпкерлікті сотқа берді.

Колледж іс материалдары бойынша кейіннен сатып алу арқылы сенімгерлік басқаруға берілді.

Сот талапкерді қанағаттандырып, шартты бұзу туралы шешім қабылдады.

«Қаржы бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің арасында жасалған 2016 жылғы 7 шілдедегі No 3 «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару шарты бұзылсын - делінген іс материалдарында.

Сонымен қатар, сот Әнипа Әбішқызынан мемлекеттік баж салығын өндіру туралы шешім қабылдады:

«Әнипа» жеке кәсіпкерлігі Назарбаева Анипа Әбішқызы атынан мемлекет кірісіне 3450 (үш мың төрт жүз елу) теңге мемлекеттік баж өндірілсін", делінді материалда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер