Қауіпті нысан. Жерге бес үлкен астероид жақындап келеді

1777
Adyrna.kz Telegram

6-10 қыркүйек аралығында Жерге бес үлкен астероид жақындайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) хабарлауынша, үй өлшеміндей алғашқы астероид 6 қыркүйекте Жерге ең жақын қашықтыққа жақындайды. Ол біздің планетадан 5,11 миллион шақырым қашықтықта өтеді. Келесі көлемі ұшақ пен автобустай екі астрономиялық нысан, 8 қыркүйекте Жерге жақындайды - 4,08 миллион және 5,72 миллион шақырым.

Соңғы көлемі ұшақпен бірдей екі астероид 10 қыркүйекте пайда болады. Олар мен Жер арасындағы ең аз қашықтық 1,52 миллион және 2,66 миллион километр болады.

Жерге кемінде 7,5 миллион километрге жақындайтын 150 метрден асатын барлық нысандар ықтимал қауіпті деп саналады.

Пікірлер