Дәулет Тұрлыханов ортаншы ұлы Әкежанмен болған жағдайға қатысты пікірімен бөлісті

1801
Adyrna.kz Telegram

Депутат Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты жағдайға пікір білдірді , деп жазады "Адырна" порталы. 

Депутаттың ұлы Әкежан Тұрлыхановтың желіде өзінің қарым-қатынастағы қызын ұрып жібергені туралы видео тараған болатын. Мәжілісмен аталған жайтқа қатысты өзінің пікірімен әлеуметтік желіде бөлісіп, жағдайдың толық видеосын жариялады.

Ол ұлына таңғы сағат 4-те белгісіз қыздардың өздері тиісетінін жазып, бұл әдейі істелген ақпараттық шабуыл деп сендірді.

"Бүгінгі видеоға қатысты менің де қоятын бір сұрағым бар. Таңғы сағат 4-те мұндай азаматшалар ұлым тұратын үйге келіп, неге ондай оқиғаға бастау болатыны түсініксіз. Және бұл жағдай аяқ астынан камераларға түсіп қалып, белгілі бір адамдарға пайдалы қиындыларының ақпарат құралдарына тарауы, менің ғана емес, кез келген адамның көңіліне күмән келтіреді. Бұл менің отбасыма соңғы жылдары жасалған кезекті ақпараттық шабуыл деп ойлаймын. Видеоны аңғарған адамға менің баламның бұл жанжалдан барынша қашқақтауға әрекет жасағаны анық көрінеді. Сіздерге түсінікті болу үшін видеоның толық нұсқасын жолдап отырмын. Осы болған жағдайды дұрыс түсінулеріңізді сұраймын" деп жазды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дәулет Тұрлыханов (@daulet_bolatuly_turlykhanov)

 

 

 

Пікірлер