Алматыда жүргізушісі жоқ автобус жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

1965
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде жүргізушісі жоқ автобустың өздігінен артқа қарай жүріп кетіп, жасаған жол апатының видеосы пайда болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 6 қыркүйек күні Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында болған.

Қалалық полиция департаментінің айтуынша, жол жиегінде тұрған №79 автобус өздігінен жүріп кетіп, төрт көлікке соғылған. Бұл кезде қоғамдық көліктің жүргізушісі дәретханаға кеткен. Басқарма автобустың 84 метр жол жүргенін анықтады.

Апат салдарынан Kia Rio көлігінде болған бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы өндіріске алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін сәуірде Шымкент қаласында қараусыз қалған автобус жүріп кетіп, бір топ адамды қаққан еді. Салдарынан бес адам мерт болды. 49 жастағы автобус жүргізуші қамауға алынды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабымен («Көлікті пайдалану қағидаларын бұзу» іс қозғалды.

<

Пікірлер