Қырғызстанда паранжа киюге тыйым салу мәселесі көтерілді

3316
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанда паранжа киюге тыйым салу керек. Бұл туралы Жоғарғы Кенеш отырысында депутат Шарапат Мәжитова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол соңғы кездері мұндай киім киетін әйелдердің саны артқанын атап өтті.

«Мен орамалға қарсы емеспін, таққысы келетіндер таға берсін. Бірақ бет-жүзін жасырып, тұлғасын танытпайтын киім кию елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Мемлекеттік шараларды қолға алатын кез келді»,—деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Франциядағы мемлекеттік мектептерде мұсылман киімдерін киюге тыйым салынған болатын.

Пікірлер