Сарыағаштағы бүлдіршін өлімі. 5 жасар қызды қатігездікпен өлтірген қаскөйге үкім шықты

1619
Adyrna.kz Telegram
Фото: Дина Смаилова/әлеуметтік желіден
Фото: Дина Смаилова/әлеуметтік желіден

Түркістан облысында 5 жасар қызды қатігездікпен өлтірген педофилге үкім шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Үкім бойынша, ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Одан бөлек, сот оған химиялық кастрация қолдануды қаулы етті.

Марқұмның ата-анасы үкімге келісті. Бірақ олар осы жылдың мамыр айында айыпталушыға тым жеңіл үкім шығарған судья мен прокурорды жауапқа тартуды сұрады.

Сотталушы Сайдолим Гаийбназаров 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталып, биыл мамырда ауылдасына балтамен шабуылдағаны үшін тағы да істі болған. Сот оның жәбірленушімен татуласқанын, 10 жылдық жазасын толық өтеп келгенін ескеріп, тек 3 жылға ғана түрмеге кескен. Ал кейіннен пробациялық бақылауға алып, босатып жіберген.

Еске салсақ, оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында болған еді. Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында бес жасар қыздың жоғалғаны 13 шілдеде белгілі болды. Кейін баланың денесі көршісінің үйінің шатырынан табылды. Күдікті ұсталған соң ауыл тұрғындары наразылық танытып, оны халыққа беруді талап еткен.

Кісі өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды өлтіру)  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті бұған дейін де ауыр қылмыстары үшін сотталған.

Сондай-ақ, Тоқаев бұған дейін ауыр қылмыс жасағанына қарамастан күдіктіге жеңіл жаза тағайындаған судьяны тексеруді тапсырып, істі назарға алған еді.

 

Пікірлер