ШҚО-да темір жол қызметкерлері жаппай жұмысқа шығудан бас тартты

1689
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысындағы темір жол қызметкерлері жаппай жұмысқа шығудан бас тартты. Бұл туралы КТКтелеарнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпарат бойынша, Шар бекеті мен Өскемен бағыты бойынша жүретін пойыздардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін теміржолшылар бірнеше күннен бері жұмысқа шықпаған. 200-ге жуық қызметкер еңбекақыларын 50 пайызға көтеруді талап етуде. Себебі ай сайын алатын 180-200 мың теңге жыртығымызды жамауға жетпей жатыр дейді. Шыдамы таусылғандар талап орындалмайынша, жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Астанадан арнайы келген басшылар да оларды райынан қайтара алар емес.

Біз қазір сендерге бере саламыз деп уәде бере алмаймыз. Кезең кезеңімен жалақыны көтереміз. Жұмыс жағдайын жақсартамыз. Біз барлық органдарға айтып жалақыны көтере бастаймыз, – деді Dosjan temir joly АҚ басқарма төрағасының орынбасары Абылай Бадан.

Пікірлер