Тимур Құлыбаев «Олимпизм 365» мүшесі болып қайта сайланды

1557
Adyrna.kz Telegram
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев «Олимпизм 365» халықаралық олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып қайта сайланды. Бұл туралы Olympic.kz жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпарат бойыншп, ХОК президенті Томас Бах тиісті хатпен ҚР ҰОК-ті хабардар етті.

Осы жылға арналған ХОК комиссияларының құрамын төрағалар қарап, мен сізді «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі етіп тағайындауға шешім қабылдағаныма қуаныштымын. Комиссия жұмысына қосқан құнды үлесіңіз үшін алғыс айтамыз, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев 2022 жылдан бастап «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі.

Олл 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті лауазымына қайта сайланды. Ұлттық олимпиадалық комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) Атқарушы комитетінің мүшесі.

Пікірлер