Жалған құжат жасаған. Оңтүстік Кореяда қазақстандық ерлі-зайыптылар ұсталды

1716
Adyrna.kz Telegram
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Оңтүстік Кореяда Қазақстаннан келген ерлі-зайыптылар ұсталды. Олар 100-ден астам Қазақстан және Ресей азаматтарына жалған  құжат жасады, деген күдікке ілінді. Бұл тураля оңтүстіккореялық Nate News порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, олар Telegram арқылы мүдделі тұлғаларды іздеп, оларға 1 миллионнан 3 миллион вонға дейін (350 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін) төлем жасау үшін жалған құжаттар берген.

Белгілі болғандай, ұсталған ер адам 33 жаста, ал әйел 32 жаста. Жалған құжаттар қаңтар мен шілде аралығында жасалған.

Жалған құжат алған 117 адамның 21-і ұсталып, елден шығарылды. Қалған тәртіп бұзушылар әлі анықталуда.

Пікірлер