Омбыға қарай жолға шыққан қазақстандық жас жігіт іздестіріліп жатыр

813
Adyrna.kz Telegram

Қазақстаннан Омбыға бара жатқан жолда Алмат Полтабаев есімді жас жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Оmskregion сайтына сілтеме жасап.

Алмат Полтабаев 22 ақпанда Астанадан Омбыға қарай баратын пойызға мінген. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген, жақындарымен де байланысы жоқ.

Омбы полициясы 2004 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматының мекен-жайын анықтауда. Жоғалған азаматтың ата-анасы іздестіру актісін толтырды. Олар 22 ақпанда ұлының пойызбен Астанадан Омбыға кеткенін, содан кейін байланыспағандарын айтады.

Қазіргі уақытта полицейлер 19 жастағы Полтабаевтың болуы мүмкін жерлерді анықтау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер