Талдықорғанда көлікті өртеген күдікті ұсталды

737
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысында полицейлер көлікті өртеген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

22 сәуірге қараған түні Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде белгісіз адам автокөлікті өртеп жіберген болатын. Облыстық ПД іске қатысты мәлімдеме жасады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорғанның жедел уәкілдерімен бірлесіп, көлікті өртеген, бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады", - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазір күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Пікірлер