Кәмелетке де толмаған. Алматыда заңсыз жүрген шетелдік балалар ұсталды

3487
Adyrna.kz Telegram
Алматылық көші-қон қызметі Алматы қаласы, Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдікті анықталды, оның 36-сы Тәжікстан азаматы, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Ұсталғандардың 18-і - 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Олар тиісті шара қолдану үшін аудандық ПБ-ның ювеналды полиция бөліміне жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер ПД-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды".Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Еске сала кетейік, Алматыда осы күндері "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Оның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер