ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: АҚШ реальды саясатпен айналысып жүр. Елшісінің қазақша сайрауы - сол саясатының жемісі. Орыс елшісінің қазақша сөйлегенін естіп көрдік пе?

1871
Adyrna.kz Telegram
Сонымен... Индияда G20 саммиті аяқталды. Путин тұтқындалам ба деп қорқып бармай қалды да, орнына Лавровты жіберді.
Енді... ол жерде де біраз қызықтар бар. Саммит өтетін қалада, жалпы Индияда түгелдей дерлік, маймылдар өте көп және олар қолына түскеннің бәрін де ұрлап кетеді екен. Көшеде келе жатқан адамның ақшасын, қалтасында не бар - соның бәрін қағып кететін көрінеді. Саммит өтіп жатқан жерлерге кіріп кетіп столдағы блокнот, қаламсап, т.с.с. ұрлау түк емес дейді. Сондықтан қалада алдын-ала резеңкеден үлкен маймылдар әзірлеп, оны үріп әр жерге қоятын көрінеді. Әлгі маймылдар тек сол өздерінен бірнеше есе үлкен маймылдардан ғана қорқады екен, солардан ғана қашатын көрінеді. Сөйтсе... әлгі үлкен маймылдар Лавровтан айнымай қалыпты.
Жарайды, сонымен саммит аяқталып декларация қабылданыпты. Қытай егер декларацияда Украина туралы бір ауыз сөз болса қабылдамаймыз деп тулаған. Айтқандай Индияға Шыжыңби де бармай қалды. Өзі бірінші болмаған жерге бармай қалатын Шыжыңбидің әуелден әдеті екен. Оның үстіне Индиямен де аздап бақталастығы тағы бар дегендей және Байден қатысады саммитке.
Сонымен не керек, декларация да қабылданған, Украина туралы да айтылған. Бірақ бәрі де жанама түрде, тым жылмағай декларация болып шыққан. Ресей туралы бір-екі жерде, ядролық қарумен қорқыту дұрыс емес деген сияқты сын айтылған.
Енді негізгі тақырыбымызға, мұндай жерде Байден не ісеп жүр дегенге келейік.
G20-ға кіретін мемлекеттер - көбіне оңтүстік белдеу мемлекеттері. Оларда көбіне Ресей мен Қытайдың айтқандары жүріп-тұрады. Енді осы мемлекеттерді біртіндеп өз жағына тарту керек. Бұлардың арасында Индия - өте маңызды мемлекет, оның Ресеймен сауда-саттығы үлкен. Алдымен сол Индияны өз жағына тарту керек. Сосын Бразилия... Байден сол үшін жүр.
Мысалы, жақында АҚШ-тан үлкен делегация Бірікке Араб Әмірліктеріне келіп Ресеймен санкцияның орындалысын қарап, оларға көмектеспеу жөнінде үгіт-насихаттарын айтып кетті. Нәтижесі бар. Бұл да сол сияқты. Яғни АҚШ нақты, реальды саясатпен айналысып жүр.
Көріп отырғанымыздай, АҚШ әлемдік державамын деп шалқайып отырған жоқ. Оның саясаты күнделікті, тұрақты, өз елінің мүддесі үшін қажет жерінде кішірейе де алады. Күш керек жерде күшін де көрсетеді (мысалы Иранға).
Біздің Қазақстанда да елшілерінің қазақша сайрауы - сол жұмсақ саясатының жемісі. Ал бұл жаман ба? Әрине, жақсы. Орыстардың елшілерінің соншама жылдарда бірде-біреуінің қазақша сөйлегенін естіп көрдік пе? Астамшылықтан басқа не естідік? Тіпті кәдімгідей әкіреңдейді ғой өздері, әкесінің үйінде жүргендей.

 

 

 

Пікірлер