Біздің жұлдыздарға саясат не керек?

1980
Adyrna.kz Telegram

Соңғы кездері әншілердің, спортшылардың әлеуметтік желідегі парақшаларын жиі оқып отыратын болдым. Түсінгенім барлығының айтары төмендегідей:

1. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

2. Бірлігіміз жасасын!

3. Кең байтақ Қазақстанымызда тұрақтылық болсын!

4. Қазақ елі жасасын!

5. Елім деген ер жігіттер аман болсын!

6. Еліміз дамып өркендей берсін!

7. Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Бұлардың ішінен кешегі митинг туралы әңгіме қозғаған адам көрмедім. Елдегі демократиялық процестердің дамуы жайлы немесе қоғамды алаңдатқан проблемаларды көтерген пенде жоқ.

Менің ойымша не бәрі дерлік шулы тақырыптарды қозғамау туралы жоғарыдан тапсырма алған. Не бәрі бір идеологияның ішінде. Себебі, Түркияда не АҚШ-та болсын өнер адамдары, спортшылар саяси науқан немесе елді алаңдатқан мәселелер көтерілсе өз азаматтық позицияларын ашық білдіріп жатады. Бізде оның бірі де жоқ. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Муxамедиұлының қоғамда қанша рет басы дауға қалса да осы орында ұзақ отыруының бір сыры да осында жатқан секілді. Халық аузына қараған тұлғалардың бәрін грамотно тып-тыныш ұстап отыр. Президент болсам мұндай кадрды мен де ешқайда жібермес едім негізі.

 

Бауыржан Серікбаев

Пікірлер