Тәжікстан Қазақстаннан автомобиль әкелуге тыйым салды

1513
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстанда қазақстандық көліктерге тыйым салынғаны хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы Қазақстандық стандарттау және метрология институтына  сілтеме жасай отырып.

Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерді 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарын әкелуге тыйым салу туралы хабардар еткен. Тыйым салынатын елдердің қатарында Қазақстан да бар.

"Тәжікстан ауаның ластануының және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі көзі саналатын ескі автомобильдерді әкелудің алдын алуға, сондай-ақ олардан шығатын қалдықтар (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) санының едәуір ұлғаюына байланысты арнайы Жарлық дайындады", - деп хабарлады Қазстандартта.

Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылдан бастап Казстандарт базасында саудадағы техникалық кедергілер және санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық жұмыс істейді. Орталықтың функцияларына ДСҰ хатшылығына, ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге және барлық мүдделі тараптарға ақпарат беру кіреді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер