СІМ мәлімдемесі. Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты Қазақстан өз ұстанымын айтты

1964
Adyrna.kz Telegram
ҚР СІМ Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша Қазақстанның ұстанымына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі төмендегідей:

"Таулы Қарабақ төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдауын тағы да растайды, сондай-ақ барлық мәселелерді БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды".

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер